Өз мұғалімдерімізді жарылқап алайықшы!

0
237

Баяғыда «Тың игеру» деген сылтаумен Қазақстанның тұтас бір өңірін орыстандырып жіберіп еді, енді, «Тіл игеру» деген сылтаумен орыс тілінің мұғалімдерін жіберу деген не сұмдық???

Оларсыз да, Қазақстанда өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай, сағат жетіспей жүрген мұғалімдік маман иелері жетіп артылып жатыр. Енді жетпегені сол Ресейден мұғалімдер шақырту еді. Бір кездері тың-шыларды (тың игерушілерді) тұрғын үй, ас-суына дейін қамтамасыз етіп, үрім — бұтағымен Қазақстанда қалдырған науқанға айналдырғаны сияқты, тіл — шілерді (орыс тілін үйретушілерді) де солай бүгежектеп, жағдайларын жасап, соңы орыстардың санын көбейту науқанына ұластырмақшы ма?

Ал, Қазақстанның өзінің мұғалімдерінің талайы ішер ас, киер киімге жарымай, болымсыз жалақыларын пәтерақыға жеткізе алмай жүрсе…

Сосын, дәл Қазақстан үшін орыс тілін оқытатын мұғалімдер алдыру мүлдем ақылға қонымсыз дүние!! Қайта өзіміз қазақтана алмай жатқан жоқпыз ба?

Әуелі, өз мұғалімдерімізді жарылқап алайықшы.

Ақсұңқар Ақынбаба,

Facebook парақшасынан алынды.

Фото ашық дереккөзден алынды.