«Бізде намаз оқитындар 2 пайыз ғана» дейді имам
«Қазақстанда мұсылман адам әрі кетсе, 2-3 пайыз ғана» дейді Түркістан облысы, Сайрам аудандық бас имамы Арыстан Оспанов. Бұл туралы ол кезекті уағыздарының бірінде тілге тиек етті деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Имам Арыстан бұл сөздерді не себепті айтты, соған тоқталайық. «Неменеге медресе сала бересіңдер дейді бізге. Оданда балаларды ғылымға жібермейсіңдер ме дейді. Ей, Қазақстанда 2 пайыз ғана намаз оқитындар бар. Қалған 98 пайыз ғылымды қуа берсінші! Мешіттің қайда екенін білмейтін бала бар ғой. Ғылым сол намаз оқитын екеуіне (2 пайызға- ред.) қарап қалып па? Как буд-то 3 бала мешітке барса, ғылым-білім қумай қала ма?» деген имам нағыз ғылым Құранды оқып, ғұсыл жасап, намазға жығылған уақытта болатынын айтты.
Сонымен қатар имам Арыстан «кімнің баласы мектепке кетіп бара жатып, «Аллам, білімімді арттыр» деп, кім таң намазында «Аллам, баламның білімін арттыр!» деп дұға жасайды деп жамағатқа сұрау салды. Сол себептен де бізден ғалым шықпайды деп түйіндейді имам.
Фото интернеттен алынды.