Бізге Ресейден мұғалімдер келмейді
Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы ресейлік мұғалімдері туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Democrat.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровдың айтуынша, әлеуметтік желілерде Қазақстанда ресейлік мектептер салынатын болса, мұғалімдер де Ресейден келеді деген ақпарат тараған.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Егер ресейлік тараптың сайтына кірсеңіз, ақпарат жойылып кеткен. Бұл мектептердегі қызметкерлер тек Қазақстаннан болады. Онда ресейлік кадрлар, әсіресе мұғалімдер болмайды. Олар жай ғана мектеп салады», — деді ол брифингте.
Фото ашық дереккөзден алынды.