Блогер қыз Жарқын ұстазға жауап берді (ВИДЕО)
Танымал блогер, үлкен игі істермен айналысып жүрген Ырысбала Икрамбай имамдарға қатысты мәлімдеме жасап, кейбір имамға арнайы жауап берді деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Естеріңізде болса Роза коучқа қатысты Жарқын ұстаз “ондай блогер қатындарды ешкім алмасын”, “сондайларды жаназасыз жерлесе” деген сыңайда пікір айтқан болатын. Осыған байланысты блогер Ырысбала әлеуметтік желіде арнайы жауап берді.
“Айналайын имамдар, мен де блогер қатынмын. 200 мыңнан астам жазылушым барда тұрмыс құрып, балалы болдым. Блогермін демей, мен де басқа әйелдер секілді отбасымның шаруасын да атқарып, баламды да бағып, ешкімнің ала жібін аттамай өмір сүріп жатырмын” деген ол имамдардың қатындарды аңдығаннан басқа жұмыстары жоқ екенін айтты. Көпке топырақ шашқан имамға ашуланған Ырысбала:
“Адамның тағдыры іште жатқанда жазылады емес пе? Имам айтқан блогердің ертең өмірі қалай боларын неге сүйеніп айтасыңдар? Құдайдың қолын ұстап тұрғандай! Уағыздарың неге қатын-қалаштың етегінен аспай қалды? “Еркек итке ииді” деген мақалды мойындамаушы едім…” деген блогер: “Әйел көрсе, қозып кететін хайуан ба едіңдер? Еркек болсаңдар, ие болыңдар екі бұттарыңның арасындағыға ие болыңдар!” деп кесті.
Сондай-ақ Ырысбала осыған дейін де қыздарды әр тараптан тыйып біткен қоғам туралы айтты. “Болған шығарсыңдар, қыздарды таптап, орайтынын орап. Қазір қызға дұрыс білім беріп, өзін-өзі қорғауды үйрететін заман” деген блогер ешқандай блогер қыз әлгі имамның нанын тартып алмағанын айтты.
Блогерді ызаландырғаны имамның қыздарға деген жеккөрініші екен. Жаппай блогер қыздарды демей, айтар сөзін дұрыс таңдап айтқаны дұрыс екенін алға тартты.
Фото ашық дереккөзден алынды.