Былтыр Қазақстаннан қанша адам кетті?

0
120

Өңіраралық көші-қон бойынша оң сальдо еліміздің 3 өңірінде қалыптасты: Алматы (38,1 мың адам), Астана (50 мың адам) және Шымкент (3,4 мың адам) қалаларында деп жазады BAQ.kz.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда елге сырттан келгендердің саны 25,3 мың адамды, кеткендер саны 16 мың адам болды. Көші-қон сальдосы 9 344 адам болды. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 46,8%, кеткендер саны 33,8% азайды.

Айта кетейік, көші-қон сальдосы 2011 жылдан бері алғаш рет оң мән көрсетіп отыр.

Негізгі көші-қон алмасу ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің саны 21,9 мың адамды құраса, сол елдерге тұрақты тұруға кеткендердің саны 12,4 мың адамды құрады.

Фото ашық дереккөзден алынды.