Депутаттар «маска тағып» бастады

0
194

Бұл туралы Мәжіліс депутат Дәулет Мұқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасында Парламент толығымен маска режиміне көшкенін мәлім етті. Айтуынша, әріптестерінен коронавирус анықталған.

«Парламент ғимаратында толығымен маскамен жүру шешімі шықты… Осы апта басында бәріміз ПТР тапсырған едік. Бірнеше әріптесімізде ковид оң нәтижелі көрсеткен. Елде тұмау көбейді. Парламентке мектеп оқушыларын алып келемін, экскурсия жасаймын деп едім ғой, әзірге оған да шектеу қойылды.

Ауырмай, сақтық шараларын назардан тыс қалдырмаңыздар. Ауырған жандарға ем болсын. Алла шипасын берсін. Бүгінгі жұмада тілеген дұғаларыңыз қабыл болсын», — деп жазды Мұқаев.

Айта кетейік, Қазақстанда маска режимі қайта енгізіліп жатыр. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова қандай орындарда маска тағу міндетті екенін айтты.

Фото ашық дереккөзден алынды.