«Дала Қырандары» асарлатып халыққа көмек беруге шақырды

0
62

«Қазақ халқында «Асар» сияқты өзара көмек көрсетудің игі дәстүрінің болуы бекер емес деп жазады “Дала Қырандары” қоғамдық қорының белсенділері.

“Бізде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамға ел болып көмектесетін салтымыз бар. Ал қазір барлығымыз бірігіп, су басқан аймақтардағы отандастарымызға көмектесетін, жоғалмаса да ескірген дәстүрімізді жаңғыртатын уақыт келді!» – деп бастады өз сөзін @damir.bekbossynov

Бүгін біз @apems_kz студенттерімен кездестік. Координаторлар студенттерге «Дала Қырандары» өкілдерінің ТЖ кезінде зардап шеккен азаматтар мен ауылдарға қалай көмектескендері туралы айтып берді. Әрине, Батыс Қазақстан облысына да жеке тоқталып өтті. Біз келесі аптада БҚО-ға тағы бір сапарды жоспарлап отырмыз және бірінші тілек білдірушілерді екінші эшелонның тізіміне жазып үлгердік.

Су тасқыны және олардың салдарымен күрес науқанында кез-келген адам біздің бастамамызға қосыла алады. Штабымызға келіңіз немесе +7 705 382 15 55 нөміріне хабарласыңыз.