Dala news басылымына қатысты министр Аида Балаева мәлімдеме жасады

0
133

ҚР Мәдениет және ақпарат миинстрі Аида Балаева Dala news басылымына қатысты жағдайға байланысты өзінің Facebook парақшасында мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Өз жазбасында министр Аида Балаева тәуелсіз басылымға қатысты болып жатқандарға алаңдаулы екенін айтып: “Қазақстан Республикасының Конституциясына, сондай-ақ «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес, елімізде сөз бостандығына кепілдік берілгенін, цензураға тыйым салынғанын атап өту маңызды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңның 20-бабына сәйкес, журналист авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, құпияны сақтауға құқығы бар.

Қазіргі уақытта Dala news редакциясы бұрын жарияланған мәліметтерді жоққа шығарып, сол арқылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес БАҚ міндеттемесіне сай терістеме мақала жариялады.

Осы фактіні назарға ала отырып, министрлік жағдайды ерекше бақылауда ұстайды. Сондай-ақ аталған БАҚ-қа көрсетілуі мүмкін қысымнан қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізуде” деп жазды министр Аида Балаева.

Фото ашық дереккөзден алынды.