Пойызда орныңызды ауыстыруға болмайды

0
62

Кез келген пойызбен жүрген жолаушының басынан өтетін бір жағдай бар. Астыңғы орынға жайғаса бастағаныңызда “орнымызды ауыстырайықшы” деген өтінішпен келетіндер болады. Осыған орай  Tengritravel.kz «Жолаушылар тасымалы« компаниясы ресми жауап берді деп хабарлайды Demokrat.kz ақпараттық порталы.

Егер де сіздің астыңғы сөредегі орныңызбен өзінің жайсыз жердегі орнын ауыстыруға өтініш жасап басқа бір жолаушы келсе, орныңызды ауыстырмауыңызға болады. Tengritravel.kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясының тәртібі бойынша пойызда жолаушылардың орын ауыстыруына тыйым  салынған екен. Осыны алға тартып, өзіңіз алдын-ала билетін алған орныңызда алаңсыз жатсаңыз болады.

Десек те, қазақы менталитет пен тәрбиеден аттап кету де қиын екені даусыз. Мысалы, таяққа сүйенген қария қиылып өтініш жасаса, компанияның тәртібін алға тартып, безірейіп те тұра алмайтыныңыз шындық. Сол себепті де ресми компания пойызда орын ауыстыру мәселесі туындамас үшін билетті ертерек, алдын-ала алуға кеғес береді.

Фото ашық дереккөзден алынды.