Жұлдыздың жаны түршікті

0
203

Қоғамды дүр сілкіндерген Алматы облысындағы балаларға жасалған шабуыл ешкімді бей-жай қалдырмады. Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актриса соққы көрген балалар үшін алаңдап, көз жасына ерік бергенін жазды.

“Айдың-күннің аманында, елдегі бейбіт заманда көзден жасты сорғалатты.
Ұзынағашта бір үйдің балаларын байлап қойып, ересек адам қорлаған. Кіп-кішкентай балапандардың бетін пышақпен тілуге қалай қолы барды екен?
Адам деуге келе ме? Балалардың ата-анасы сол сәтте қайда болған? Заң неге әлсіз? Қоя берсең сұрақ көп. Бірақ, мәселе басқада болып тұр. Ес тоқтатқан ересек адам мұндай жауыздыққа міз бақпай бара алды.

Байқайсыздар ма, жыл сайын балаларға жасалатын жауыздықтың деңгейі жан түршіктіріп келеді. Ол жазаланғанымен қорланған балалардың психикасын қайтеміз? Салдарымен емес себебімен күресу шарт”, – деп жазды актриса.

Өнер иесінің айтуынша, тарихымызда да түрлі соққы көрген балалар аз болмаған.

“Күзде КарЛаг лагеріне бардым. Ондағы балаларға жасалған жауыздықты тыңдағанда санама ауыр соққы болғаны рас. Бүгін де мына бүлдіршіндердің жайына алаңдап отырмын. Бұл – біздің қоғам. Оны өзгерту де біздің міндетіміз! Қайтсем екен?!”, – деп оқырманға ой тастады.

Фото ашық дереккөзден алынды.