Дариға Бадықова ырым жасап жұртты шулатуда

0
273

Маған жекеме хаттар көп келеді, бір көйлегіңізді ырымдап сыйға тартыңызшы деген. Ойлана келе жаңа әніміз шығып жатыр, сіздер ырымдап жақсы тілек тілеп, бізге шабыт бергендеріңізді қаладым” деп жазады актриса өзінің Инстаграм парақшасында.

“Соған орай Ютуб каналымдағы КЕШІРІМ СҰРАМАЙМЫН ӘНІНІҢ астына сондай шынайыыы әдемііі пікір жазған оқырманыма сыйлайыншы деп шештім.Тым болмаса саусағын жыбырлатса дегенім ғой😀

“Тура келмейді көйлегің”,- сенің көйлегің кімге керек деп жазып жатқан кейбір кісілер, сіздер үндемееейййй отыра беріңіздер артық сөз айтпай ше.! Соның өзі мені қуантады.

Ал, мені қолдап, шын пікірін аямай жазатын тілеулестерім жетіп жатыр ғой, ШҮКІР” деген Дариғаның жазбасына “маған сыйлаңызшы”, “анама әперейінші”, “аяғым ауыр, маған беріңізші” десіп жұрт шуласып пікір қалдыруда.

Фото ашық дереккөзден алынды.