«Жаңа Адамдар» Оразақ ауылына көмек беруді жалғастыруда

0
74

“Жағдайға немқұрайлы емес”  жандар Ақмола облысындағы  Оразақ ауылына көмек қолын созуды жалғастыруда деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Оразақ тұрғындары су апаты салдарымен бірінші рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Қазір әр адам баспанасын және жылдап жинаған мүлкін сақтап қалу үшін  бар күшін салуда. “Жаңа Адамдар” оларға көмек қолын созып жатыр. Неліктен? Өйткені, бұл  бізге де қатысты. Қалалар мен елді-мекендерді басқан үлкен су мәселесі — Қазақстанда тұратын барлық жанның мәселесі.

Қазір отандастарымыз сенің көмегіңе мұқтаж болып отыр. Жанашырлық таныт, жағдайға немқұрайлы емес адам бол дейді “Жаңа Адамдар”.

Фото ашық дереккөзден алынды.