Екібастұз “ТЭЦ”-іне бөлінген 1 млрд теңге ұрланған

0
116

Екібастұз ГРЭС-2 — ні жаңғыртуға бөлінген Т1 млрд ұрланған, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз ГРЭС-2″ АҚ тексеру барысында үшінші энергия блогын орната отырып, жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған ақшалай қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Расталмаған жұмыстардың сомасы шамамен Т1 млрд құрады», — делінген хабарламада.

ҚР ҚК 189-бабы (Аса ірі мөлшерде мүлікті ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.»Қылмыстың барлық мән — жайларын, түпкілікті залал сомасын және ұрлыққа қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Фото ашық дереккөзден алынды.