Экс-президент 6 айға сотталды

0
93

Париждің апелляциялық соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді нақты алты ай бас бостандығынан айырып, алты ай шартты мерзімге кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Bigmalion пиар-компаниясы жалған шот-фактуралар ұсынып, экс-президентке қызмет көрсеткен деседі. Бұл іс бойынша Николя Саркозиден бөлек 13 адам айыпталып отыр.

Іс бойынша 2012 жылғы президенттік науқанында Саркози заңсыз қаржыландыру алып, заңда белгіленген шектен екі есе дерлік қаржы жұмсаған.

Бұрынғы мемлекет басшысының адвокаты бұл шешімбойынша Францияның Жоғарғы сотына шағымдануды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Фото ашық дереккөзден алынды.