Елімізде қыз көп пе, ұл көп пе?

0
221

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 033 546 адам болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде қала тұрғындары – 12 451 004 (өсім 1,9%), ауыл тұрғындары – 7 582 542 адам (өсім 0,3%). 12 ай ішінде халықтың жалпы өсімі 266 739 адам болды. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 257,3 мың адамға, көші-қон есебінен – 9 344 адам.

Өңірлер бөлінісінде туылғандар саны СҚО-дан басқа барлық өңірде өлім-жітім санынан асып түсті, ал көші-қонның оң сальдосы бес өңірде –Алматы және Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында байқалды.

12 айда Қазақстанда 387,9 мың бала дүниеге келді (2022 ж. – 403,5 мың), оның ішінде 200,3 мыңы – ұлдар, 187,6 мыңы – қыздар. 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,50 болды.

Аталған кезеңде 130,6 мың адам қайтыс болды, бұл ретте өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,56 болды.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 26,78 адам), Түркістан (26,11) облыстарында және Шымкент қаласында (25,68) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,08), Шығыс Қазақстан (11,03) және Қостанай облыстарында (10,04) тіркелді, бұл аталған өңірлердегі халықтың жас құрамына байланысты болып отыр.

12 айда 1 жасқа толмаған 3215 нәресте шетінеп кеткен, 2022 жылмен салыстырғанда нәресте өлімінің коэффициенті төмендеп, 1000 туғанға 7,69 болды (2022 жыл – 7,97).

Фото ашық дереккөзден алынды.