Енді алақанмен ақша төлейсіз

0
182

Қазақстандық өнертапқыштар 2019 жылы «Alaqan» төлем жүйесін ойлап тапты деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы Қаржылық сауат Телеграм арнасына сілтеме жасап.  

Жаңа жүйе әрбір адамның өз алақанындағы биометриялық жүйені сканерлеу арқылы жұмыс жасайды.

Тұтынушы AppStore немесе PlayMarket  арқылы «Alaqan» қосымшасын жүктей алады. Қосымшаға өзінің банк картасын тіркеп, тиісті терминалда төлем жасау мүмкіндігіне ие болады.

«Alaqan tehnologies» ЖШС директоры Қанат Сәренбаев: «Бұл — көзге көрінбейтін биометрия. Жасанды интеллект алақаныңыздағы қан тамырларын айқын көреді, сурет немесе көшірме нұсқалардан төлем алмайды», — дейді.

ААлақанмен ақша төлеу ыңғайлы ма? Мұндай төлем жүйесін қолдануға дайынсыз ба?