Енді мектеп, балабақшаға тексеру комиссиясы ескертусіз келеді

0
440

Ендігі жерде еліміздегі балабақша, мектептерге ешбір ескертусіз, жоспардан тыс тексеру комиссиясы келетін болады деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы inform.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай норма жаңа заңда көрсетіліп, бекітілген. Яғни, таяуда ғана Президент қол қойған “Отбасындағы зорлық-зомбылық” туралы заңға байланысты Білім және ғылым министрлігіне қарасты Балалар құқығын қорғау комитеті ешбір ескертусіз балабақша, мектептерге тексеріспен бару арқылы бала қауіпсіздігінің алдын алуға, шынайы жағдайды көруге көп мүмкіндік береді деп түсіндірді.

Комитет өкілі Юлия Овечкина барлыө аймақта псхологиялық қолдау орталығы ашылатынын айтып, ондай орталықты жергілікті билік ашатынын мәлімдеді. “Бала құқығы бұзылған жағдай бар болса, еркертусіз тексеріске келу арқылы ондай жағдайды жарыққа шығару мүмкін болады. Сонымен қатар мұндай тәсіл бала қауіпсіздігінің алдын алуға да көмегін тигізеді” дейді Юлия Овечкина.

Фото ашық дереккөзден алынды.