“Еркекті басымызға көтергендегі сиқымыз мынау” дейді ақын Асылзат

0
271

Белгілі ақын Асылзат Арыстанбек Facebook парақшасында көпшілікке ой саларлық жазба қалдырды, деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Ақын қыз қазіргі қоғамда үлкен дау тудырып отырған “Бишімбаев жағдайына” қатысты өз ойын төмендегіше жеткізді.

“Кешіріңдер, қоғам! Осының бәріне өзіміз кінәліміз. «Әйел еркектен бір саты төмен тұру керек» деп олардың білгенін істеуге дейін әкелдік.

Енді бір саты төмен тұра алмаймыз!

Ана жылы Баян Мақсатқызы өлімші боп таяқ жегенде елдің бәрі Баянды кінәлі ғып шығарған. Әр үйде бір-бір Салтанат тұншығып көз жасын ішке жұтып отыр. Үндейін десе қорғамақ түгілі түтіп жейді бәрі.

Құдайым-ау 21 ғасырға келдік. Әлі әйелді адам құрлы көрмейтін замандамыз.

Бишімбаев — қазіргі қазақ еркегінің, Салтанат — қазақ әйелінің көрінісі.

Ойбай, еркек азайып кетті, соғыстан дымы қалмады, аз еркекті басымызға көтергендегі сиқымыз мынау.

Бір жыл бұрын жағым сынып, шүйдем жарылып Түркістанға қашып келгенде де бәрі ит қосып қуған еді.

Әйел қашан да әйел, ол алқаш болса ла баласын аш қалдырмауды ойлайды. Әйел күлуді ұмытып қалуы мүмкін, жылауды білмеуі мүмкін, сәнденуді де ұмытатын шығар. Бірақ бір нәрсе өшпейді.

Аналық сезім! Әкелік сезім деген жоқ! Әйтпесе, бір жарым жыл болды алтын асықтай үш баланы жүрегі езіліп іздеп келген әкені көрген жоқпын.

Ендігі уақытта бишімбаевтарға жол жоқ!»

Фото ашық дереккөзден алынды.