Көмекке жіберілген киімдер шашылып далада жатыр

0
2235

Су басқан Торғай өңіріне әр аймақтан жөнелтілген киімдер далада шашылып жатыр. Ескі киімдер болғаны үшін халық қабылдамаған. Бұл туралы журналист Оңғар Қабден Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.  

Су басқан өңірлердегі халыққа гуманитарлық көмек жинап жатқан ағайын! Дархан көңілдеріңізге мың да бір рақмет! Бірақ, киілген ескі киім салмай-ақ қойыңыздар! Бәрібір далада қалады. Мына фотода Торғайда далада қалған киімдер”, деп жазды журналист.

Осы жазбаға орай өз пікірін ортаға салған жұртшылықтың бірі ескі киімді алмағандарды кінәласа, енді бірі онсызда қиналып отырған халыққа ескі киім жіберіп, мазақ еткендей болды дейді. Бота Дос атты желі қолданушы: “Олардың бəріне жаңа киімді қайдан табады. Суға кетіп дымы жоқ болып жатқандар кие беру керек қой. Ешкім жыртық киім салмаған болар.

Мен екі Адидас курткамды бергім келген, өзіме тарлау болғасын. Бермегенім жақсы болған екен. Өзімнің тумаларым да жетеді, кигісі келеді менің киімдерімді. Оларға норковый шуба алып беру керек па еді? Маған біреу норковый шубасын берсе мен аламын. Əжеміз 5000 -теңгесін берді, пенсионер, қырғын дəрі алып отырған.

Сіз бермей ақ қойыңыз дегенімізді тыңдамай, пітір садақам ғой балдарыма берген деп. Жиналған ақшаға не болса соны алмай, біріне ақшалай бөліп беру керек шығар. Кəмпит -пшнəйді үйлерінде де жемейді ғой көбісі. Өзім вермишель жеп жүре беремін, аш болмаса болды емес пе?

Киімдерді лақтырып тастады дегенге ренішім ғой. Бичтерге беру керек еді. Оларға да ешкім көмектеспейді”,-деп жазды. Ал Жомартбек Нурман: “Көңілдің тоқтығынан ба әлде жоқтығынан ба? Елдің көмегі мен ықыласы бағалануы керек еді ғой…»Кедейдің кербезінен сақтаның» кебі болған екен ))),-дейді.

Мұнысы қят болған екен деген Altay Nurmaganbet: “Кимесе де былай лақтырғандары үлкен қателік! Халық қолындағы барын беріп жатыр. Халықтың көңілі үшін болса да былай лақтыруға болмайды”,-депті. Дами Дами атты желі қолданушы: “Дымсыз қалған жұрт таза жылы киімді кисе болмай ма, биліктен талап етсін,ондай болса. Қайырымды адамдардың ақ көңілмен берген көмегі далада жатыр”,-деп пікір жазды.

Өздері су тасқынында бүкіл барынан айырылып отырған халыққа басқа аймақтағылар қолдағы барын беріп көмектесуде екені анық. Су жаңа киім беріп жіберетіндей шылқыған бай отбасы елімізде санаулы екенін ескерсек, былайғы миллиондаған отбасы 100-150 мың тең жалақыға күнелтіп жүргені шындық.

Әрине, онсызда қан жұтып, қиналып отырғандарға ескі киім көмек ретінде келгенде, дәп бір мазақ еткендей көрінуі де мүмкін. Алайда Қазақстанда дүкеннен арнайы киім сатып алып, көмек ретінде жібере қояр жағдайы жоқ кедей халықтың басым екенін ұмытпағанымыз да жөн шығар.

Өзі қалт-құлт етіп әрең өмір сүріп отырған, тамағын кредитке алып отырған  жұрт жаңа киімді қай ақшасына сатып алсын? Бұл жағын да естен шығармаған абзал-ау, қалай ойлайсыз?

Фото ашыө дереккөзден алынды.