Хиджаб киетіндерге керемет жаңалық екен

0
255

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда қай мамандық иелеріне хиджабпен жұмысқа келуге заңды түрде рұқсат етілгені туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Жалпы бұл мәселе ешқандай норма жоқ. Бірақ өздеріңіз де білесіздер, бұл мәселе туралы мемлекет басшысы да пікірін айтты. Естеріңізде болса, әсіресе өткен жылы бұл мәселе мектеп оқуышыларына байланысты көтерілді. Бұл азаматтың конституциялық құқығы, егер ол өзі таңдаса, бұл оның өз таңдауы», – деді вице-премьер.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің де жұмысқа хиджабпен келуіне тыйым салынбаған.

“Бұл оның құқығы. Өйткені ешқандай шектеу жоқ. Бірақ қандай ел екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз өзімізді зайырлы мемлекетпіз деп санаймыз. Сондықтан біз конституцияға сәйкес жұмыс істеуіміз керек», – деді премьер-министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін елімізде қоғамдық орындарда бетті бүркемелейтін киім киюге шектеу қою мәселесі талқыланып жатқаны туралы хабарлаған едік.

Фото ашық дереккөзден алынды.