Израильде жаппай наразылықтар басталды
Израильдің Тель-Авив қаласында жаппай наразылықтар басталды. Мыңдаған адам елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың отставкаға кетуін талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ереуілге мыңдаған қатысушы шығып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етті.
Кепілге алынған адамдарды Газа секторынан босату жөнінде мәмілелер жасасуды сұрады. Наразылық білдірушілер үкімет үйінің жанына жиналды.
Полицейлер қала орталығындағы жол қозғалысын жауып, тосқауылдар қойды. Акциялар Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату және кепілге алынған адамдарды босату туралы келіссөздер аясында өтеді.
Еске салайық, 11 наурызда Гаитидегі ел астанасы Порт-О-Пренстегі қақтығыстар одан да қиян-кескі болғанын жаздық. Бастан-аяқ толық қаруланған баукеспелер президент резиденциясына шабуыл жасап, тұтандырғыш қоспасы бар бөтелкелердің көмегімен ішкі істер министрлігі ғимаратының бір бөлігін тас-талқан етіп, өртеп жіберген.
Фото көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды.