«Қағаз — қағаз» деп жүріп, оқушыға назар аударуды қойдық

0
396

Мектепте алғаш қағазбастылықпен сонау 90 жылдары кездесіппін. Сондағы қағазымыздың түрін еске алсам кәзір күлеміз .

Тоқсан соңында қанша балаға екі,үш ,төрт ,бес қойдың деген жарты парақ қағаз. Сабақ жоспарын зыңдай етіп қолмен жазамыз. А4 сияқты дәу дәптерге екі параққа толтырып. Төрт параллель класс. Бәріне жарап тұр.

Сонда аптасына алты рет сондай жоспар жазсаң жетіп жатыр. Ал календарьға арнайы дәптер болатын. Жазуы жақсы бір оқушыға тапсырсаң болды. Әдемілеп жазып береді.

Сосын оны честный-честный көзбен завучқа апарасың. Ол кісі ,,жақсы жазады екенсің » деп қол қояды. Ары қарай директордың мөрі мен қолы. Болды.

Сен сабаққа дайынсың. Сол құжаттың барлығын шындап отырсаң бір күнде жасап тастауға болады. Қалған уақытың тек сабақ өту мен қосымша білімге арнайсың.

Рас,жыл аяғында әлгі жарты парақ қағаз тағы шығады. Неше балаға екі,үш,төрт,бес қойдың деген. Соны толтырсаң болды. Сол кезде торсыңдайтындар да болды. Қойған бағамыз журналда тұр ғой дейтін.

Кәзіргі күннің талабымен қарап отырсаң сол кезде біз шынында жалқау болдық па,әлде кәзір керексіз қағаздар көбейіп кетті ме? Сабақ жоспарын толтырудың өзі бір ақирет сияқты. Сосын оны кім толтырсын? Көшіріп ала саламыз.

Өзіңнің басың мен жүрегіңнен шықпаған соң оның құны бола ма? Сол кездің сабақ жоспарында бір адамгершілік пен ізгіліктің ,психологиялық жағдайды ескерудің , қажетті ғана дүниені алатын бір сараптамалық қасиет бар сияқты .

Әр қимылыңды уақытқа бөлудің өзі қандай.? Сабақты талдау кезінде үлкен ұстаздардың сол уақыттан бір-екі минут ауытқып кеткеніңді ескертіп отырғандары ше? Орысша қоспа , қолыңды көп сермей берме,баланы есімімен ата, орындыққа көп отырма, терминдерді тақтаға жазып түсіндір ,картаға указкасыз жақындама . т.б. Айта берсе көп.

Орынша Қарабалина апам еді менің тәлімгер ұстазым. Екі жылдан соң дұрысталдың деп свободный плаваниеге жіберген. Әр саусағыңның қимылы ,әр көзқарасың ,әр сөйлеміңнің мәні-мағынасы болу керек .

Балаға артық сөйлеме, жақындатпа да, алыстатпа да. Дистанцияны ұста. Сен ұстазсың. Мен кәзір сол кездегі апайдың жасына келіппін.

Біреуді үйретейін десем қаптаған қағаз. Өзіміз көміліп отырғанда кімге пір боласың? Қайта сол жастар қағазды қалай табуды өзімізге үйретеді.

Ол қағаздан балаға бір пайдасы болса ғой. Есеп, жасады деген ишара үшін. Қағаз-қағаз деп балаға назар аударуды қойдық.

Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.