Қазіргі оқулықтар оқушыға білім бермейді

0
271

Оқулықтың кемшілігін парламетте айтамыз, пікіріңіз қандай?-депті бір депутат…

Мұғалімдер шуылдасып, талдасып қалдық. Шынын айтқанда, қолданыстағы оқулықтар жарамсыз.

Біріншіден, мәліметтері ескірген, екіншіден, қолданыстағы бағдарламаға сәйкес емес, үшіншіден шашыраңқы ғылыми анықтамалар, толық зерттелмеген ғылыми анықтамалар қолданылған, тіпті интернет материалы жиі кездеседі, мұндай материал ұзақ жыл пайдаланатын оқулық тұрмақ бір аптадан соң актуалдылығын жоғалтады. Авторлар оны ескермеген.

Оқулықта түрлі ұғымдар толық зерттелмей әртүрлі анықтамалар сала — құлаш беріле салған. Оны солай деп айтсаң, баспагерлер мен авторлар ұлардай шулайды.

Туыс-таныстарымен қосылып шабуылға шығады. Ғалымдар “қарғайды”. Ал ондай піспеген, иі қанбаған материал оқушы ұғымына қиындық келтіретінін ескермейді.

“Автор бейнесі” деген термин бар, оқу мақсатында, осы терминді оқушыға қалай түсіндірерімді білмей үш жыл қиналдым.

Ал оны авторлар автор көзқарасын анықтау үшін оқу мақсатына қолданып, Зәки Ахметов, Зейнолла Қабдолов, Қажым Жұмалиевтен де “асып” кетіпті.

Айналайындар -ау “автор бейнесі” бөлек, “автор көзқарасы” бөлек. Автор бейнесі -жазушының кем дегенде үш шығармасын талдағанда анықталатын стилі, тақырыпты ашудағы ерекшелігі, шеберлігі.

Оқушы жазушының үш туындысын оқымақ түгіл, бір көлемді туындының 500 сөз бөлімін зорға оқиды. Өйткені 45 минут сабақта одан көп нәрсені тани алмайды. Үзіндіден автор бейнесін” анықтайтын қандай “ғалымдар”?!

Қисынсыз Жобалар пайда болды, талқыланбай қаржы шашу үшін халыққа толық таныстырылмай өндіріске шығара береді.

Ондай ЖОБАЛАРдың ұрпақ тәрбиесіне зияны тимесе, пайдасы тимейді. “Нысаналы мектеп” жобасы — баяғыдағы Хрущевтің “Қазақстандағы кіші революция” жобасы секілді…

Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.