Құран кітабын өртеу акциясы жалғасуда

0
568

Құран кітабын өртеу акциясы Стокгольм қаласында жалғасын тапты деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы kazakh_inform-ға сілтеме жасап.

Швед қоғам белсендісі  Джейд Сандберг ашық алаңға шығып, мұсылмандар касиетті санайтын Құран кітабын өртеді. Бұл туралы түркиялық ақпарат көздері ашу-ызаға толы хабарлар таратуда.

26 сәуір күні өткен “Құранды өртеу” акциясының видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Джейд Сандберг бұл әрекетін мамырдың 3-і күні Мальмада жасайтынын мәлімдеді.

Швед полициясына 3 мамыр күні Густаво Адольф алаңында Құран кітабын жағу акциясын өткізуге ұсыныс түскен. Бұл акция “Евровидение” байқауының қарсаңында өтеді деп жоспарлануда.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.