Тоқаевтың аяқкиімі қанша теңге тұрады?

0
269

Сенбілікке қатысқан Президент Тоқаевтың аяғына киген кроссовкасы қанша тұрады деген сұраққа журналист Алмас Алтай жауап іздеп көріпті деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Журналист Президенттің сенбілікке киіп келген кроссовкасының бағасы қазіргі кезде акциямен 26 990 теңгеден сатылып жатқанын айтады. «Өзі бір елдің Президенті. Аяғына 27 000 теңгенің кроссовкасын киіп сенбілікке шыққан Президент ақшасын үнемдегені ме, әлде Тоқаев үшін байлық маңызды емес пе?» деген сұраққа көрермен көптеп пікір жазуда.

«Президентіміз қарапайым ғой», «Қолына ұстаған телефоны да Редми», «Менің кроссовкам 40 мың теңгелік» деген сыңайда пікірлер жазған жұрт Тоқаевтың қарапайымдылығына сүйсінуде.

Фото ашық дереккөзден алынды.