«Мерзімі өткен санаға жоқ!»: Алматыда Жаңа адамдардың мыңдаған жақтастары жиналды

0
142

Алматыда Жаңа адамдардың 1000 белсендісі мерзімі өткен санаға қарсы митингке шықты.

Бастапқыда науқан Алматы дүкендеріндегі мерзімі өткен өнімдер сатылымына наразылық білдіру туралы болуы керек еді. Алайда, іс-шараға дайындық барысында сөрелердегі мерзімі өткен өнімдер – мерзімі өткен сана мәселесінің көрінетін бөлігі ғана екені белгілі болды. Ал бұл мәселе ел үшін әлдеқайда қауіпті.

30 қарашада Жаңа адамдардың 1000-нан астам белсенділері мен жақтастары: «Мерзімі өткенге жоқ!» деп айту үшін көшеге шықты. «Мерзімі өткен өнім» деген не? Мерзімі өткен өнім — бұл мерзімі өткен тауарды есептен шығару мен оны жасырып сату арасындағы таңдау емес. Бұл біз үшін не маңыздырақ екені туралы сұрақ: азырақ сома алу, бірақ адал адам болып қалу ма, әлде алдап, көбірек пайда көру ме? Өкінішке орай, бұл формула тек мерзімі өткен тауарларға ғана қатысты емес.

Басында науқан Алматы әкімдігі бұқаралық іс-шаралар өткізуге бөлетін алаңдардың бірінде өткізіледі деп жоспарланды. Алайда, Жаңа адамдар үлкен шеруді өткізуге рұқсат ала алмады. Әкімдік қызметкерлері ұйымдастырушылардың бірнеше рет бетін қайтарып, барлық қолайлы алаңдардың бос еместігін алға тартты. Нәтижесінде науқан орнын Коккинаки 7 көшесіндегі Жаңа адамдар Кампусына ауыстыруға тура келді.

Науқан қатысушылары ұстаған плакаттар бүлінген тауарлар сататын дүкендер мекенжайларымен ғана шектелмеді. Біреу өзінің мерзімі өткен санасы туралы жеке оқиғасын жариялауды ұйғарды: пайда үшін мұғалімді, ата-ананы, қызды алдау. Ал алматылық Жаңа адамдар кампусының көшбасшысы Владимир Изюмников «Алматы әкімдігінің мерзімі өткен санасы» деген жазуы бар транспарантты дайындады. Шара соңында белсенділер өздерінің плакаттарын алып, мерзімі өткен сананы бейнелейтін, шіріген миға бекітті.

Владимир Изюмников, алматылық «Жаңа адамдар» кампусының көшбасшысы:
«Мерзімі өткен өнімдер біздің дүкен сөрелерінен тек Қазақстанның әрбір тұрғыны: «Менің қадір-қасиетім — алдау арқылы келген пайдадан жоғары. Менің адалдығым — алдау мен өтірік арқылы келген пайдадан әлдеқайда қымбат», — деп айтқан кезде ғана жойылады. Өзгерістерді өздеріңізден бастаңыздар және күнделікті жұмыста, тұрмыста, қарым-қатынаста мерзімі өткен санадан бас тартыңыздар».