Министр Ғани Бейсембаев “жұртты таңғалдырды” ВИДЕО

0
445

Әлеуметтік желілерде Білім және оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың “білімін тексерген” видео тарады деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Видеоны мұқият қарап шықсаңыз, еліміздің бас мұғалімі саналатын Ғани Бейсембаевтың “көкөніс” сөзінің дұрыс жазылуына байланысты жауабын білесіз. Сұрақ қоюшы мұғалім министрден “көгөніс” пе “көкөніс” болып жазылғаны дұрыс па деп сұрайды. Ал бұл сұраққа министр Ғани Бейсембаев алдымен “көгөніс” дейді, соңынан “көкөніс” дейді де мұндай сөздердің дұрыс жазылуын А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мамандары реттейтінін алға тартады.

Бұл видео бойынша пікір білдіргендер министрді сынға алуда. “Еліміздің білдей білім министрлігін басқарып отырған кісі бір сөздің дұрыс жазылуын білмей ме?”, “Өзі ештеңе білмейді, жұртқа үйретеді”, “Мүғалімдерден тест талап етеді, өзі білмейді”, “таңғалатын түгі жоқ, бізді осындайлар басқарып отыр ғой!” дескен пікірлер легі әлі толастамай тұр.

Дүрысы қайсысы? «Көкөніс» пе, әлде «көгөніс» пе?