Министр ұстаздарды жазалай бермеуді айтты

0
106

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік білім басқармалары басшыларына мұғалімдер мен мектеп директорларына қатысты ретсіз шара қабылдауды доғару керек екенін ескертті деп хабарлайды Democrat.kz.  ақпараттық порталы astana02pressке сілтеме жасап.  

Министр Ғани Бейсембаев еліміздегі білім мекемелерінде соңғы уақытта орын алып жатқан бей-берекет ескерту, қатаң сөгіс сынды жазалардан хабары бар екен. Бұл туралы ол арнайы баспасөз брифингінде мәлімдеді. “Мұғалімдерге, директорларға әлдебір жазаны бермес бұрын, мына мәселені дұрыс түсініп алғандарыңыз жөн.

Барлық мәселеде мектеп мұғалімдері мен директорларын жазалай берудің де өз орны мен реті болады. Заң шеңбері болады. Мұғалім мен директорға жаза бермес бұрын, оқушыға мектептен тыс уақытта ата-ананың да жауапкершілігі болады. Кез келген мәселеде мұғалім мен мектеп директорының толық кінәсі анықталмай, жазалай беру де біздің ұстаздарымыздың еңбегін жеткілікті бағаламау болып табылады”,- деді министр.

Фото ашық дереккөзден алынды.