«Мұндай болатынын білген жоқпыз» дейді Төреғали

0
207

Әнші Төреғали Төреәлі су тасқынына зардап шеккен батыстағы халықпен кездесіп, ән айтып, жұрттың көңілін көтерді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы әншінің ТикТок парақшасына сілтеме жасап. 

«Билікке сенгенде де… ең бірінші бір Құдайға сену керек қой. Аллаға сенейік» деп, «Мұндай болатынын білген жоқпыз, табиғи апат қой. Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, құлсарылық ағайынға ыстық лебізін білдіріп, жәрдем беру ретінде келгенін жеткізді. Халықтың арқасында осы күнге жеткенін айтқан ол: «Енді ауылдарыңызға концертке келейік, тойға келейік» деді. Видео төмендегі сілтемеде.

Фото ашық дереккөзден алынды.