Ресейдің Түменінде су деңгейі көтерілуде

0
171

Ресейдегі Түмен облысына қарасты Ильинка ауылындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп жатыр деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы t.rbk.ru сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде Қазан ауданында су деңгейі 800 см-ге дейін жетті. Сонымен қатар ресейлік Есіл өзенінің де су деңгейі 16 см-ден 52 см-ге дейін көтерілген. Аймақ басшысы Александр Моор алдағы уақытта ауыл шаруашылық алаңдары мен жолдарды су шайып кетуі мүмкін дейді.

Айта кетейік, Ильинка ауылы Қазақстанмен шекаралас жатқан ауыл. “Қазіргі кезде Есілде үлкен мұздар сіресіп тұр. Күн жылынса, мұздар гидробекеттен өтіп, Ильинка ауылына жетуі мүмкін” дейді губернатор А.Моор.

Фото ашық дереккөзден алынды.