«Намаз оқымасаң, имам-ұстазға үй әпер» дейді дінтанушы

0
2138

Ата-анаң оқымаған намаз үшін белгілі бір сомадағы құнын төлесең болады. Бұл туралы дінтанушы, ҚМБД пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы айтты деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Шариғаттан мысал келтірген Сансызбай Құрбанұлы: «Мысалы, қартайған апамыз немесе атамыз ораза ұстай аламйды делік. Оған ораза ұстай алмағаны үшін фидия беруге болады. Фидия деген бір күндік тамақ беру.

Ресторан, кафеда емес, «нормальный столовыйларда» беруі керек. Енді осы нәрсеге қияс қылып алған нәрсе — намаз. Мысалы, бір адам он күн намазын оқи алмай қалды. Ғалымдар айтады, сол оқылмай қалған әр намазына бір фидиядан бер дейді. Олай болады.

Бұл шариғатта бар нәрсе. Қазір «фидияны мынаған бер» десек, жаны шығып жатқандар бар. Өйткені 1500-2000 теңге кетеді ғой. Ал әкесі 50 жыл намаз оқымады, 50 жылда қанша күн бар? 18250 күнді 5-ке көбейт. 91 250 намаз үшін әр намазға 200 теңгеден фидия берсін» дейді. Сонда 50 жыл намаз оқымаған бір адам шамамен 18 млн 250 мың теңге фидия беруі керек екен.

Ең қызығы, «ғалымдар айтады» деп қойып уағызды қарша борататын имам, ұстаздардың ешбірі қай ғалым, аты-жөні кім, қашан, қай жерде айтқанын тыңдарманына тәптіштеп түсіндірмейді. Неге?

Ал енді оқымаған намазына әлгіндей миллионды кімге беру керек? Сансызбай Құрбанұлы: «Бір үстазға үй әперсін. Әке-шешесінің намаз оқымағаны үшін фидия деп» дейді. Ал фидиясы берілген адамды  дүниеде Алла күнәсін кешіре ме, ол жағына жер бетіндегі имам, ұстаздар кепілдік бермейді.