Наурызда оразаны ашса бола ма? (ВИДЕО)

0
393

Әлеуметтік желіде “Наурыз күні аузымызды ашсақ бола ма?” деген сауалға байланысты Нұралы Бақытұлы жауап берді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

“Наурыз ұлттық мерекеміз. Дұрыс. Сол мерекеде аузымызды ашсақ, бола ма деген сұрақтар келіп түсіп жатыр.  Иә, біз ұлтымызды, мерекемізді төбемізге қоямыз. Бірақ Алланың әмірі келіп тұрғанда, біз, мұсылман ұтатын жағын ойлануы керек. Менің айтарым, Наурыздың жарыстарын күндіз жасай бер. Ал кешке Наурыз көжені ауызашар етіп беріп жіберсең,біріншіден ұлтты дәріптеген боласың, екіншіден Алланың құзырында мол сауапқа ие боласың. Ал енді күндіз ойын мен қатар тамақ тарқатып жүрсеңіз, ораза айында бұл Аллаға деген құрметсіздік болып саналады. Сондықтан Рамазан айында адамдарға күндіз ас тарқатып жүрсек, құдайға деген құрметсіздік болып есептеледі” дейді Нұралы Бақытұлы.

Фото ашық дереккөзден алынды.