«Назарбаевтың баласы» айғайлап шу шығарды
Қоғамдық көліктердің бірінде болған оқиға ТикТок әлеуметтік желісіне шықты деп жазады Democrat.kz.
Адам толы автобустың ішінде жасы келген екі кісі сөзбен дауласып, айналасындағы жұрттың назарын өздеріне аударды.
«Мен Назарбаевтың баласымын!» деп айғайлаған жігіт ағасының әрекетінен оның масаң халде екені байқалады.
«Назарбаевтың баласының» қарсыласы оны менсінбесе керек, «қайтейін оның баласы болсаң!» деп дүрсе қоя берді. «Маған ондай әңгіме айтпа! Бар, түсіп қал!» деген қарсыласынан қалғысы келмеген «Назарбаевтың баласы» да: «Түспеймін! Менің үйім бар! Ақшам бар! Лимон ақшам бар!» деп едіреңдеді.
«Лимоныңды да, ақшаңды да бір жеріңе тығып қой!» деген сөзі өтіп кетті ме, «Назарбаевтың баласы»: «Ақшамды қалтама салып қоямын!» деп бақырды.
Екі азаматтың бұл қылығы ерсі көрінгені сондай, айналасындағылар «көке, қойсаңыздаршы» деп басу айтуда.
Фото видеодан скринделіп алынды.