Ресейде су тасқыны толастамай тұр

0
87

Ресейдің Орынбор облысынан 7800 адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Қауыіпсіз аймаққа көшірілгендердің ішінде 2117 бала бар. Су тасқынынан қауіпсіз аймаққа көшірілгендерге жатын орын мен үш мезгіл тамақ-су беру жағы барынша қарастырылған. Орынбор облысында болған су тасқынынан 615 бас мал да қауіпсіз жерге көшірілді. 11 сәуір күнге мәліметте 78 ауыл, оның ішінде 11 972 үй, 14 991 саяжай су астына кеткені анықталды. Тиісті органдардың хабарлауынша жақын тәуліктерде 3580 үй мен 3950 саяжайдыі және 25 елдімекеннің су астында қалу қаупі бар.

Фото ашық дереккөзден алынды.