Ресейдің Орск қаласында жағдай тұрақтала бастады

0
91

Ресейдің Орск қаласында жағдай тұрақтала бастады, су ақырындап кері шегінуде деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Десек те, қаладағы жағдай әлі де мәз емес. Дәрігерлер мен полицей, құтқарушылар, волонтерлер күндіз-түні тынбай жұмыс істеуде. Әлі де тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жалғасуда.

Алайда үйін тастап кетпеймін деген тұрғындар да көп. Соған қарамастан Телеграм әлеуметттік желісінде арнайы чат құрылып, кімге қандай көмек қажет екені анықталуда. Құтқарушылар тобы дәрі-дәрмек, таза су жеткізіп жатыр. Ал кейбір тұрғындар өз бетімен қауіпсіз аймақтарға қайықпен жүзіп жетіп жатыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.