Ресейдің Қазақстанға қатысты жоспары қандай?

0
79

Әлеуметтік желідегі парақшасында депутат Ермұрат Бапи геосаяси мәселеге қатысты жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.

«Мен не дедім, домбырам не дейдінің» кебі болды! Түйсіксіз саяси топастықта шек болмайды екен! Бәлкім, әлі де олардың сана-саңылауына бірдеңе барар деген үмітпен бұдан бұрынғы бір посты қайталап отырмын.

Көзіне шұқып тұрып, миына құйып тұрып ескертейін: ау-у, халық, мұнда Еуразияның (оның ішінде Қазақстан да бар) картасын қайта бөліске салу мәселесі ұсынылып отыр!

Түсінесің бе, «Молотов — Риббентроп-2» пактісі жүзеге асса, Украинадан кейінгі кезекте Ресей Қытайға Орта Азияны (оның ішінде Қазақстан барын білетін шығарсың) бөліске салуды ұсынады!

Құдайға шүкір, Украина екі жылдан астам уақыт беріспей соғысып жатыр, елінің тұтастығы мен бостандығын жанқиярлықпен қорғауда.

Ал АҚШ-тан алыс жатқан, Еуропаның мойын бұрарлық мұршасы да, мүмкіндігі де жоқ, біз қайтеміз, кімге сенеміз?

Жалаң жұдырық, алкеуде «Диван-патриоттар», орындарыңнан тұрып, теріскейдегі 7,5 мың шақырымдық шекараны жабуға аттаныңдар! Барлық үміт — сендерде!» — деп жазған Ермұрат Бапи Телеграм арнасының ақпаратымен бөлісті.