«Ринат Зайытов, аспаннан түстің бе?» дейді ұстаздар

0
404

Таяуда Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қазақстандық мұғалімдерге, ата-аналарға үндеу жолдап, видео жариялаған болатын.

Видеосында депутат “мектепте ақша жинау, ремонтқа, түрлі іс-шараларға ақша жинау болып жатса, бізге хабарласыңыз” деп алдағы жұмаға дейін хабарласуды айтқан болатын. Осыған байланысты еліміздің белсенді мұғалімдері өз пікірін білдірді.

“Осы мәселені дауысымыз жеткен жерде айқайлап жүргенімізге 10 жылға жуықтады ғой..

Өзің айтып отырған Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Аймағамбетов мұны өз құлағымен 2019 жылы министр кезінде бізден естіген…Сұрасаңшы Асқат Қанатұлынан..

Ал, Оқу-ағарту министрлігінің өкіліне айттың..ОАМ министрі араны ашылған директорға не істей алады?Ештеңе істей алмайды.

Себебі, директорды тағайындаған Білім Басқармасының бастығын министр емес, әкім тағайындаған..

2023 жылдын желтоқсан айында ОАМ министрі Ғ.Бейсембаев Түркістанға келген..

Маған жеткен ақпарат рас болса, министрдің қабылдауына кіруге Түлкібас Ауданының Білім Бөлімі қарасты бір бала бақшаның қызметкерлері барған.

Сол кезде ОАМ Комитет төрағасы Ернұр Дәуенов «Министрге кірмей-ақ қойыңыздар. Мәселелеріңізді бір аптаның ішінде шешіп берем» деп, министрге кіргізбеген..

Солай ма, Альвинка Попова, Катира Жумабаева?

Сол мәселе шешілді ме?

Өсіп келе жатқан жігітсің, Ринат..

Сондықтан, сен де бір іске кірісіп, сайлаушыларға уәде берерде аздап ойланып ал..

Айтпақшы, өткен күзде Жетісай Ауданы Білім Бөлімі не қарасты Әл-Фараби атындағы мектептің директоры өз қызметкерлері Джамила Кулманова Багила Бегендикова және тағы басқаларды сотқа бергенде олар сенен көмек сұрап хат жазған. Сонда қандай көмек бердің?” деп жазды шымкенттік ұстаз Өмір Шыныбекұлы.

Сонымен қатар “Е-Өтінішке” талай рет хат жазып, ешбір нәтиже болмағанын айтқан ұстаздар мен ата-аналар депутаттың бұл үндеуін бар болғаны “хайп” деп бағалады.

Фото интернеттен алынды.