“Салтанат Нүкенова ұйықтап жатып көз жұмды” дегені қалай?

0
204

Қуандық Бишімбаевтың ісіне байланысты күні кеше адвокаттары ақылға қонымсыз мәлімдеме жасаған еді. Адвокаттар Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірмегенін, қазір әйелінің қазасына қайғырып отырғанын айтқан-ды. Осыған байланысты Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді өзінің Instagram парақшасында бірқатар деректерді жария етті деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

“Қолымда бар скрин-фотоларды жариялауға Қ.Бишімбаевтың адвокаттарының жалған сөздері мәжбүрледі. Скрин-фотода Қуандықтың Салтанатты қалай ұрып жатұаны анық көрінеді. Ал адвокаттары оқиға болған күні Салтанат пен Қуандық басқа ерлі-зайыптылар секілді өзара сөзге келіп қалған дейді. Қуандық Бишімбаев әйелін соққыға жықпады дейді. Қараңыз, төменде адвокаттар айтқан өтіріктер:

-ерлі-зайыпты арасындағы ұсақ-түйек ұрыс-керіс

— Салтанат бұрыннан болған гематомадан өлген

— Бишімбаев Салтанатты теппеген, ұрмаған

— Бишімбаев бүгінге дейін еш тергеліп, сұралмаған

— Бишімбаев түсініктеме бере алмаған, себебі сүйікті жарын жоғалтып, қайғы үстінде

Бұл қалай? Бишімбаев тергелмеген бе әлі?

— оқиғаның ешбір куәгері жоқ

— бастапқыда Салтанаттың мәйітінде айтарлықтай іздер болмаған, сот медсараптама қызметкерлері мәйіттің түрін бұзған болуы мүмкін

— Салтанат қорылдап ұйықтап жатқанда өлім құшқан

— Салтанаттың телефоны бүкіл қаланы өзі “кезіп” үйіне барған

— бейнебақылаудағы жазбаны ешкім өшірмеген, егер қаласа мүлде жойып тастауға болар еді

Осындай сандырақтарды мәлімдеген адвокаттарға сұрақ:

Тергеу біткен соң ходатайство қалай қайта қаралды?

Сіздерге дейінгі адвокаттар қайда кетті?

Өтірік сөйлеп, жала жабуды қашан қоясыздар?
Оқиға орнында болған, Салтанаттың даусын естіген куігерлер бар. Салтанаттың басына ең азы 13 рет соққы тигені туралы сараптама қорытындысы бар. Салтанаттың еденде жатқаны туралы фото бар. Мұнан басқа да қаншама дәлел-дәйек жеткілікті” деп жазады Салтанаттың ағасы.

Фото ашық дереккөзден алынды.