“Шариғат әйелді барлық құқығынан айырады” дейді дінтанушы

0
235

Massaget.kz. сайтына сұхбат берген дінтанушы Елнар Берікбаев қоғамдағы діни мәселелер туралы маңызды ойларымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы.

Дінтанушы діни киім киюдің негізі ешқандай қаупі жоқ екенін түсіндірді. Бірақ, оның айтуынша, кейбір адамдар орамал тағып, хиджаб киіп қана қоймай, өмірлік ұстанымдарын да өзгертіп, зайырлы мемлекеттің көзқарасына наразылығын білдіре бастайды.

«Мысалы, дінге бет бұрған кейбір адамдар ұлттық салт-дәстүрді ұстанудан, мемлекеттік және ұлттық мерекелерді тойлаудан бас тартады. Сондай-ақ, біз кез келген хиджаб киген қыздың болашақ ана екенін ұмытпауымыз керек. Олар балаларына ерте жастан орамал таққызып, баланы өздері қалаған өмірлік ұстаным бойынша тәрбиелейді», — деді маман.

«Шариғат бойынша басқару нысаны әйелді барлық құқынан айырады»

Сонымен қатар, маман кейбір әйелдер мен бойжеткендердің шариғат бойынша басқару нысанының әйелді толықтай құқынан айыратынын түсінбейтінін айтады.

«Қоғамда мемлекеттің қазіргі басқару нысанына назары әйелдер де бар. Олар шариғат бойынша басқару нысанының әйелді барлық құқынан айыратынын түсінбейді. Әйелдер күйеуі немесе ағасының рұқсатынсыз немесе жалғыз мүлде көшеге шыға алмай қалады.

Көбісі қазіргі кездегі құқықтарын жоғалтады. Білім алу, интернетке кіруге мүмкіндік, қандай да бір ойын-сауықтың барлығы да әйел үшін жабылады. Әйелдер ең алдымен осыны түсінуі керек», — деді ол.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.