Шерзаттың әкесіне қауіп төніп тұр

0
541

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан марқұм Шерзат Болаттың әкесіне қауіп төніп тұр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Марқұмның әжесі Жұмабике Нұрымова баласы – марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа біреулер хабарласып, қоқан-лоққы жасап жатқанын айтты.

“Балама қоңырау соғып, “балаңның жанынан көріңді қаза бер” деп қорқытып жатыр. Бізге көмекке адам керек. Келген әкімдерге де, журналистерге де айтып жатырмын. Көршілер үйіңізге адамдар кірген деп айтып жатыр. Есікті ашып, кірген, аралап жүрген, бірақ ештеңе алмаған дегенді айтты. Көршілер қарауылда отыр. Балалар қорқып, “үйге барайық” деді. Мен “жоқ, баламның қырқы өтсін, мәселені біржақты етіп алайық, қатарласып жатсақ та осы үйде болыңдар” дедім. Рұқсат бермедім. Соның арқасында олар аман қалды”, — дейді марқұмның әжесі.

Фото интернеттен алынды.