Шымкентте 3 оқушы жүкті болып қалған

0
179

Шымкентте жыл басынан бері 11 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Ал 3 оқушы қыздан ерте жүктілік анықталған. Бұл туралы қалалық білім басқармасының алқа жиынында айтылды, деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап

Отырар басылымының мәліметінше, Шымкентте жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 19 құқық бұзушылық жасалған. Оның ішінде мектеп оқушылары арасында 3 қылмыс тіркелген. Оның екеуі тонау, біреуі — зорлау фактісі. Өткен жылы мұндай кезеңде кәмелетке толмағандар 12 қылмыс жасаған дейді спикерлер.

«9 оқушы өзге өңірдің балалары, Шымкент қаласына келіп құқық бұзған, яғни қылмыс жасаған. 2 оқушы мектеп бітіріп кеткен, еш жерде тіркелмейтін азаматтар. 5 оқушы колледж студенттері. Ал мектеп жасындағы балалар — үш оқушы. Суицид жасағандардың ішінде бесеуі колледж студенттері, алтауы — мектеп оқушылары», — дейді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Дәрібаева.

Үш айдың ішінде мектеп оқушылары арасында 3 жасөспірім қыздың аяғы ауыр болған. Былтыр да үш оқушы қыздың жүкті екені анықталып отыр. Оқушылар арасында жыл басынан 11 оқушы өз-өзіне қол жұмсаған. Оның үшеуі қаза тапса, сегіз бала аман қалған.

Фото ашық дереккөзден алынды.