Сүйгені 1001 қызғалдақты қоқысқа лақтырды

0
188

ТикТок әлеуметтік желісінде миллиондаған оқырманы бар Батырхан есімді жігіттің оқиғасы жұртты таң қалдырды деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Миллиондық аудиториясы бар блогер 8 наурызда сүйген қызына 1001 дана қызғалдақты 6сағат бойы  жинап, топтады. Ниеті кешірім сұрау болған. Оның кәсіби флористерге жинатқан гүлдерін оқырмандары да көріп, куә болды.

“Неткен романтик!”, “Нағыз шынайы махаббат иесі!” десіп, жігіттің әрекетіне сүйсінген жастарда есеп жоқ. Алайда өкінішке қарай, блогер діттеген мақсатына жете алмады. Себебі сүйген қызы блогердің гүлін қабыл етпеген.

Тіпті үйінің есігін де ашпай қойған. Есігінің алдына жігіті қойып кеткен 1001 қызғалдақты қыз қоқысқа апарып тастады. Блогер Батырханның оқырмандары қыздың бұл әрекетіне реніш білдіріп, “бағыңды ұшырдың!” десіп, ренішке толы пікірлерін қарша бората жазуда.

Фото ашық дереккөзден алынды.