Танымал мұғалімді полиция ұстап әкетті

0
1224
Елге танымал, білікті ұстаз Ақмарал Шатемірқызын полиция ұстап әкетті деген хабар тарады деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы әлеуметтік парақшасында белсенді ұстаз Айман Сағидолла жазды.
«Мұғалім Ақмарал Шатемірқызы н Алматы қаласы полициясы ұстады деген ақпарат тарап жатыр. Ақмарал апай не істеді?
Оның артық жазбасын көрген жоқпыз.
Оның АЭС салуға қарсы болғаны үшін ұстап, қамау дұрыс іс-әрекет емес! Қазақстанның әрбір азаматы өз ойын айтуға құқылы. Босатыңдар! Осы ма әділ референдумдарың?
Осы ма Жаңа Қазақстан? Мұғалімнен қандай жауды көріп отырсыңдар?» деп жазған Айман Сағидолла бірқатар депутаттарды тегтеп көмек сұрады.
«Жазықсыз қамалған біздің әріптесімізге ара түсіңіздерші.
Ол ешқандай заң бұзған жоқ. Әріптестер! Қолдайық!»,- деп жазды Айман Сағидолла.
Фото Ақмарал Шатемірқызының парақшасынан алынды.