Үйсіз жүргендерге айыппұл салады

0
63

Үйің болмаса, күйің болмайтыны бесенеден белгілі деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ баспанаң болмай, басыңмен әуре болып жүргенде үкіметтің айыппұл салғаны дұрыс емес, әрине. АҚШ-тағы тілшіміз тілге тиек еткен Грантс-Пасс халқының саны 38 мыңға жетпейді. Бірақ шағын қаланың өзінде 600 тұрғынның баспанасы жоқ екен.

Әрине, тұрғын үй – өте өзекті мәселе. АҚШ қоғамында қызу талқыланып жатқан мәселе бір жағынан өте қызық әрі қайшылығы көп. Далада түнегендерге 295 доллар айыппұл салынады деп тұр ғой, ал бұдан да сорақысы, осы ақшаны төлей алмағандарға 2 есе, яғни 500 доллардан астам айыппұл тағы салынбақ.

Өзі үйсіз жүргендер оны қалай төлемек? Ең бай мемлекеттегі үйсіздер мәселесі АҚШ-та үйсіздерді қудалауға қатысты дау алғаш рет туындап отырған жоқ. Алдыңғы жылы мұндай тыйымды Миссури штатының билігі қабылдап, ол 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген болатын.

Бірақ онда бірінші кезекте ауызша ескерту берілетін. Екінші рет қолға түссе, 750 доллар айыппұл төлеуге немесе 15 күнге түрмеге қамалуға тиіс болды. Бірақ бұл заңның ғұмыры ұзаққа бармады. Миссури штатының Жоғарғы соты «азаматтардың конституциялық құқығын шектейді» деген талаппен аталған құжаттың күшін біржола жойды.

Уиллиам Барбер, үкіметтік емес ұйым жетекшісі: — ХХІ ғасырда әлемдегі ең бай мемлекеттің өзінде үйсіз жүрген адамдар бар. Бұл елдің азаматы ең төменгі табысқа ие болып, оған 2 бөлмелі пәтер жалдай алады. Қазір 50 миллионнан астам америкалық сағатына тым құрығанда 15 доллар ақша тауып жүр.

Бірақ сондай-ақ ондаған миллион америкалық үйсіз қалып, паналайтын орын таба алмай, автобус аялдамаларында, көшеде, кез келген жерде ұйықтауға мәжбүр.   Венгрияда үйсіздерге заң қатал.

Мұндай заң осыдан 6 жыл бұрын Венгрияда қабылданды. Әлі күнге дейін күшінде. Құжат бойынша далада түнеуге болмайды. Көзге түскендерге басында ескерту беріледі, бірақ ескерту саны 4-тен асса, түрмеге қамалады немесе мәжбүрлі түрде қоғамдық жұмысқа жегіледі. Негізі панасыздар үкімет арнайы белгілеген орындарда ұйықтауға тиіс.

Алайда бұл ғимараттар жетіспейді. Будапеште бүгінде 30 мың үйсіз адам бар деп есептеледі. Ал биліктің паналайтын жерінде тек 10 мың ғана орын бар екен.   Әлемде 140 млн адамның баспанасы жоқ Жалпы әлемде далада түнеуге мәжбүр 140 миллион адам бар.

Осыны есептеп шығарған халықаралық Habitat for Humanity, яғни «Адамзаттың паналайтын орны» атты ұйымның хабарлауынша, дүниежүзінде 1 миллиард 53 мың кісі өмір сүруге лайықты емес жерде тұрып жатыр. 2024 жылғы есеп бойынша Нигерия, Үндістан мен Мексика үйсіз адамдар саны бойынша көш бастап тұр.

Нигерияда 25, Үндістанда 18, ал Мексикада 14 миллион тұрғынның баспанасы жоқ. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Бангладеш, Сирия, Филиппин, Уганда, Аргентина, Пәкістан, Судан кіреді. Саны 3 миллионнан төмен үйсіз адамы бар елдер қатарына Мысыр, Непал, АҚШ, Конго Демократиялық республикасы, Мьянма, Түркия, Сомали, Зимбабве, Қытай жатады. Бұл тізімде үйсіз адамдары мүлде жоқ 4 ел бар. Олар: Бутан, Иордания, Лихтенштейн және Ватикан.

Фото ашық дереккөзден алынды.