Утильалым басты проблеманы шешпейді
Қазақтар, сендер тағы неден алданып жүргендеріңді білесіңдер ме? Қаншама уақыт бойы әлеуметтік желіде утилалымды алып тастасын деп отыр. Дұрыс-ақ! Бірақ қоғамның ойлағанынан тіпті басқа мынадай сорақылықтар бар екенін білсеңдер ғой:
- Бұлар шетелден алып келген көлігіңіздің 12 пайыз құнын құрайтын қосымша құн салығын (ҚҚС) ұстайды. Оны білесіңдер ме!?
- Бұлар шетелден алып келген көлігіңіздің 15 пайызын құрайтын кедендік рәсімдеуге тағы аямай ұстайды. Оны білесіңдер ме!?
- Бұлар алғашқы тіркеуге миллондап тағы ұстайды аямай. Оны білесіңдер ме!?
- Бұлар СБКТС сертификатына да тағы қосымша 300-600 мың арасында аямай алады. Оны білесіңдер ме!?
Сонда қазақтың қалтасында не қалды!?
Қоғам бұл жағын аса ескермей, тек утилалыммен ғана шектеледі.
Осы уақытқа дейін айтылып келген утильалым бір шеті ғана. Қазір қоғамдық сана тек қана утилалыммен манипуляцияланып отыр. Жағдай мүлде басқада.
Бұлай келе жатқанына он жылға жуықтап келеді. Осыдан он жыл бұрын Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердің компанияларымен серіктес болғандарыңда, қазіргі жағдай басқаша болар еді. Оны істейтін мүдделі билік қайда? Дәл бұлай миллиондап шашылмас едіңдер.
Енді кешігіп қалдық. Кеш!
Өткенде Шарлапаев командасымен өткен дөңгелек үстелде шетелдің он жылдық тәжірибесін айтып ақталды. Ол бізде болмайды. Бұл сандырақ. Бізде автопром, автоиндустрия жоқ. Ертегі.
Біздегі жағдай әлемнің бір де бір елінде жоқ ауыр жағдай. Әлемнің бір де бір елінде мұндай ауыртпалық жоқ.
Әділдік Және Өркендеу ҚҚ атынан
Бекболат ҚАРЖАН.
Фото интернеттен алынды.