Премьер-министр Олжас Бектенов Экология министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру шараларын қабылдауды тапсырды.
«Қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар және басқа да экологиялық төлемдер жергілікті бюджетке бағытталып жатыр. Алайда, өңірлер осы қаражат есебінен экологиялық мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыс жүргізбей отыр.
Осыған байланысты Экология министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру шараларын қабылдауды тапсырамын»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.