Танымал блогер Рысбала Икрамбай өзіне күйе жаққан кей кісілерге үндеу жасап, видео бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Ойбай сен қайырымдылықпен айналыспай-ақ қойшы.
Өз қалтаңнан беріп жатқан жоқсың.
Сен қоя салшы ДЕГЕНДЕР ҚАЙДАСЫЗДАР?
Мен қойдым,шықсаңдаршы енді.
Өз елінде,өз жерінде үйсіз бірі денсаулығында ақауы бар көпбаланың күтімі,денсаулығы жоқ жолдасымен күнін әрең көріп жүрген отбасылар шын мұқтаж жандар көп. Балалар өскенше қолдау көрсетіп жіберсек көшке қосылып кететін еді.
Кімнің басында болмайтын қиындық,сынақ.
Қайырымдылықтың атын жамылып қаралағандар қаншама шын мұқтаж адамдардың обалына қалдыңдар.
Қарғаудан аулақпын кейде күйіп кеткенде басыңа келгір деп айтқым келеді Алла кешірсін"деп жазды Рысбала Икрамбай.