Атыраудағы қанды қылмыс жын-шайтанның әсерінен болған ба?

0
374

Атырау облысында жан түршігерлік қылмыс болды: 25 жастағы жігіт әке-шешесін өлтіріп, артынан өзіне қол салған, деп хабарлайды Democrat.kz. тілшісі Атырау обылстық полиция департаментінің дерегіне сілтеме жасап. 

Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын-ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Осы жағдайға байланысты өз пікірін білдірген атыраулық Әлихан: «Бұған жынның, шайтанның әсері болуы мүмкін. Себебі рухани сау адам ондай нәрсе жасамайды.

Шайтан дегенде, мүйізі бар біреу келіп, бірдеңе жасайды деп ойламаңдар. Шайтан құлаққа сыбырлау арқылы зиянын тигізеді.

Жын деген ұстап отырған соткамыздан болуы мүмкін. Қараған, барған жерлерімізден, ішкен сусынымыздан жабысуы мүмкін», — деп, балаларыңа рухани тәрбие беріңдер деп ескертті.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.