ЛГБТ-шылар — қазақ тарихы мен мәдениетіне түкіріп отыр

0
184

ЛГБТ қазақтың тарихи дәстүрін қалқалап жымысқы әдіске көшті. «Күлтөбенің басында күнде өтетін жиынды» Құрылтай деп атаған жөн бе?

ЛГБТ насихаттайтындар Алматыда «Лесби Құрылтай» өткіземіз деп жаһанға жар салыпты. Топтың бір «шібіші» «әтектер» мен «көтектердің» жиыны қай жерде өтетінін адресіне дейін жазып қойыпты.

Осы лгбтшылар адамзат құндылығы мен адам құқығы, басқаға құрметпен қарау туралы жиі айтады. Негізі дұрыс секілді болып көрінуі мүмкін.

Расында, адам құқықтары мен адамзат құндылығы маңызды мәселе. Бұл – бүкіл әлем қабылдаған аксиома.

Алайда лгбтшылар адамзат құндылығы туралы айтқанымен, оны өздері сақтамайды. Жарнамасын әдемі сөзбен көмкеріп, өздерінің пасық әрекетін насихаттауға пайдаланады.

Сондай-ақ, лгбтшылар Құрылтай сөзін қолдану арқылы қазақ халқының мәдениеті мен тарихына түкіріп отыр. Негізі Құрылтай – қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен тарихында ерекше орын алған маңызды жиын.

Ата-бабаларымыз үшін Құрылтай ұлттың тағдырына қатысты шешім қабылданатын, елдің болашағы үшін жауапты істер талқыланатын, рухани және мемлекеттік маңызды шара болған. Мұндай жиындарда ұлттың бірлігі, елдің тыныштығы мен тұрақтылығы сөз етілген.

Ал мынау лгбтшылар елдің қамы, елдің бірлігі үшін тірлік етіп жатқан жоқ. Қайта қазақ қоғамында алауыздық тудыруды көздейді.

Сондықтан, дәл осы Құрылтай сөзін кез келген мақсаттағы іс-шараларға қолдану — қазақ халқының ұлттық рухын, мәдени құндылықтарын аяқасты ету.

Сөз еркіндігі мен жеке бас бостандығы бар деп жатамыз ғой. Алайда қазақтың санасында қасиетті ұғым болып сіңген Құрылтай сөзін оңды-солды қолданғанда оның тарихи һәм мәдени маңызын ескеру қажет.

Сондықтан «Құрылтай» секілді атауды ЛГБТ қауымдастығының іс-шарасында пайдалану халқымыздың тарихи мұрасына жат деп білеміз.

Эх, бірі кем қу дүние-ай…

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото автордың парақшасынан алынды.