Неге Абайдың балалары танымал болмады?

0
321

Журналист, зерттеуші Марфуға Шапиян Абай мен Құдайберді ұрпақтарының қайсысы танымалы деген сұраққа жауап іздейді, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Зерттеуші өзінің желідегі жеке парақшасында:

«Абайдың балалары мен Шәкәрімнің шыққан тегі бір, бәрі де Құнанбай ұрпақтары. Алған тәрбиесі бір, бәрін де Абай тәрбиеледі. Оқыған оқуы бір, Абай оларды шетелге жіберіп оқытты. Енді неге Шәкәрім мықты тұлға боп қалыптасты да, Абай балалары қатты танымал болмады?» деген сауал қояды.

Одан ары зерттеу жасаған журналист:

«Әрине, бірінші Құдайдан, сосын тектен, одан кейін анадан екен. Мықты бала тәрбиелегіміз келсе, білімге қарай біздер, аналар ұмтылуымыз қажет. Сосын соны балаларымызға үйретуіміз керек. Сіздер қалай ойлайсыздар, аналар? Балаңыздың тәрбиесіне қалай үлес қосып жатырсыздар?» дейді.

Марфуға Шапиянның айтуынша, Құнанбай Құдайбердіге Алдабергеннің қызын айттырарда, оның ұлдары мен бірге қыздарын да оқытатынын естіп біледі.

Шәкәрімнің анасы Төлебике оқыған, өте білімді, бірнеше тіл білген, өзі өлең жазған, көзі ашық адам болады. Шәкәрімнің өзі «мен араб, парсы тілдерін анамнан үйрендім» деген. «Өлең құрауды да анам үйретті» дейді ақын. Сондай оқымысты анадан Шәкәрім сияқты ұлы тұлға өмірге келіп, қалыптасты деген ой айтады зерттеуші.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.